"АЛТЫН БЕЛБЕУ" ДӘСТҮРЛІ БОЗКІЛЕМ БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

2 514

Облыс әкімдігіБүгін Сыр өңірінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» дәстүрлі жарысының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Евразия” спорт кешеніндегі шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа қатысып, палуандарға сәттілік тіледі.


Сонымен қатар, бозкілем бәсекесін тамашалаған спорт ардагері, спорт шебері Жағыппар Махамбетов қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында 15-мәрте ұйымдастырылған бәсекеге қала мен аудандардан 250-ге жуық спортшы келді. Олар бүгін әр салмақ бойынша іріктеу сынынан өтіп, ертең ақтық сында күресіп, биылғы «Алтын белбеу» иегерлері анықталады. Жарысқа 11 төреші қазылық етеді.


Сондай-ақ, «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр барысы» атағын иеленсе, ІІ орын иегері «Сыр арланы» атанбақ. Ал, ІІІ орын алған спортшыға «Сыр сұңқары» атағы беріледі.


Айта кетейік, екі күнге созылатын жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары қаржылай және естелік сыйлықтармен марапатталады.