Қысқы универсиадада Қазақстан намысын 103 спортшы қорғайды

2 672

Фото: olympic.kzБүгін Қазспорт телеарнасы 23:30-да 32-ші дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Спорттық жарыстар Италияның Турин қаласында 23-і қаңтарға дейін өтеді. Ұлттық құрамадан 103 спортшы бақ сынайды. Осымен 32-ші рет ұйымдастырылып жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға атлеттеріміз 10 спорт түрі бойынша қатысады. 96 медаль сарапқа салынады. Айта кетейік, кеше хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады. Бірінші матчта спортшыларымыз Швеция командасын 9:2 есебімен жеңді. Келесі ойында ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.