Бүгін елімізде шайбалы хоккейден Президент кубогі басталады

444

Фото: Prosports.kz.Бүгін елімізде  шайбалы хоккейден Президент кубогі басталады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аталған турнирде төрт команда бақ сынайды.
Олардың қатарында қазақстандық «Барыстан» басқа, Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары бар.
Турнирге қатысуға ниет білдірген Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасы жарысқа келе алмайтынын мәлімдеген еді.
Ойын кестесі мынадай:
16 тамыз (сейсенбі)
15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»
19:30 «Барыс» - «Автомобилист»
17 тамыз (сәрсенбі)
15:00 «Автомобилист» - «Металлург»
19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»
19 тамыз (жұма)
15:00 «Нефтехимик» - «Автомобилист»
19:30 «Металлург» - «Барыс»
Турнирдің барлық ойыны «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.