Танымал спортшылар мен зауыт қызметкерлері бірге жаттықты
Алматы облысы Іле ауданында орналасқан «БЕНТ» ЖШС зауытында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы «Чемпиондық рух» жобасы аясында танымал спортшылар мен зауыт қызметкерлеріне арналған таңғы жаттығу ұйымдастырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" деп хабарлайды ақпарат агенттігі.
Жаттығуға 150-ге жуық елімізге және әлемге танымал спортшылар, жоба амбассадоры мен зауыт қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында: Алматы облыстық мәслихат депутаты, Сағадат батыр атындағы спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсу және грэпплинг спорт шебері Нұрсұлтан Орынбасаров, «БЕНТ» ЖШС зауытының басшысы Дінмұхамед Кузиев, қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы Сара Рахманова, грэпплингтен тұңғыш әлем чемпионы Әйгерім Әбілқадырова, джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы Сейлхан Болатбек, OCTAGON лигасының матчмейкері, «UFC gym KZ» залының жаттықтырушысы Думан Рахым, әлемдік аренада мойындалған грэпплинг шеберлері: BJJ қара белбеу иегері, IBJJF No-Gi әлем чемпионы, ADCC жүлдегері, ONE Championship қатысушысы Данте Леон, ADCC вице-чемпионы, AJP World Pro жеңімпазы, IBJJF Euro No-Gi чемпионы Габриэль Соуза, екі дүркін ADCC әлем чемпионы, америкалық джиу-джитсу жұлдызы Джанкарло Бодони «Жастар Рухы» Алматы облыстық филиаланың төрағасы Медет Бекбергенов және белсенділер бар.







