Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

2 530

Фото: kff.kzҚазақстан футзал қауымдастығында басшылық ауысты. Ұйымның президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұған дейін, 2023-2024 жылдар аралығында Нұрсұлтан Құрман аталмыш қауымдастықтың вице-президенті қызметін атқарып, медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жауапты болды. 2025 жылдың қаңтарынан бастап ол Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеп, мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.

Нұрсұлтан Құрман — спорт саласында мол тәжірибесі бар маман. Ол елдегі футбол және футзал чемпионаттарын тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етіп, түрлі медиа-жобалардың жасалуы мен дамуына үлес қосқан. Сонымен қатар, ұлттық турнирлерді ұйымдастыру мен бұқаралық футболды дамытуға белсенді қатысқан.

Ал бұрынғы президент Талғат Қосмұхамбетов енді қауымдастықта вице-президент лауазымына көшеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.