Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англияға есе жіберді

1 618

Фото: kff.kzАқтөбеде 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу аясыеда Қазақстан мен Англия жастар құрамалары кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл матчта "Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы, атақты Джуд Беллингемнің інісі Қазақстан қақпасына гол салды.

Құрлық біріншілігінің қазіргі жеңімпазы ағылшындар ойынды қарқынды бастап, 18-минутта Нванери, 23-минутта Беллингем гол соғып үлгерді.

Алғашқы таймда қонақтар басым болғанымен, екінші кезеңде алаң иелері біраз сәттерде ойын тізгінін қолға алып, қарсылас қақпасына қауіпті соққылар жасады. Дегенмен нәтиже өзгермей, матч 0:2 есебімен Англияның пайдасына аяқталды.

Айтпақшы, 2024 жылы өз елінің Жастар құрамасына шақыртылған Джоб Беллингем  “үш арыстан” жейдесіндегі алғашқы голын тіркеді. Бұған дейін Джудтың інісі Испания, Нидерланды, Франция және Португалияға қарсы кездесулерде көзге түсе алмай кетіп еді. 

Еске салсақ, Англия құрамасы Еуро іріктеуінде Қазақстаннан бөлек, Молдова, Андорра, Словакия және Ирландияға қарсы ойнайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.