Геннадий Головкин рингке қайта оралғысы келетінін айтты

2 515

Фото: forbes.kzҚазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманың 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін рингке қайта шығу мүмкіндігін жоққа шығармады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президентімен бірге тарихи додаға қатысқан Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың табысы өзіне ерекше әсер еткенін айтты. «Жігіттердің жеңістерінен кейін рингтегі ескі сезімдерім қайта оянды», — деді ол.
«Иә, неге шықпасқа? Мұнда өзімнің ескі эмоцияларымды сезіндім», — деді Головкин рингке қайта оралу мүмкіндігі жайлы сұраққа. Алайда ол қарсыласы мен мерзімі туралы ештеңе ашқан жоқ. «Бұл — менің құпиям», — деп қысқа қайырды спортшы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.