17 жасар қазақстандық теннисші Оңтүстік Кореяда өткен турнирде жеңіске жетті

2 250

Фото: ҚТФКореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азияның бейресми чемпионаты саналып келген беделді ITF Juniors турнирі (J300 санаты) мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 23-орында) әлемдік жасөспірімдер теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Финалда 18 жасқа дейінгі қазақстандық бірінші ракетка Қытай Тайбэйінің өкілі — Куан Чеу Ченмен (әлемдік рейтингте 41-орында) кездесті. Бұған дейін қос спортшы 2024 жылы күзде өткен жасөспірімдер арасындағы Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде кездесіп, сол кезде Нұрланұлы 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.