"Тоттенхэмнің" экс-директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болды

2 513

Фото: ©Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіҚазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті аустралиялық функционер Скотт Энтони Муннды бас хатшы лауазымына тағайындауды мақұлдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл тағайындау қазақ футболы тарихында алғаш рет болып отыр. Федерация басшылығына Англия Премьер-лигасында жұмыс өтілі бар, Еуропаның беделді клубтық турнирінің бірінде жеңіске жеткен тәжірибелі маман тағайындалған.

Скотт Мунн федерацияның жаңа басшылығы бастаған реформаларды жалғастырады. Оған төрешілік жүйесін жетілдіру, академиялар мен инфрақұрылымды дамыту, клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын арттыру, тұрақты коммерциялық және медиа базаны қалыптастыру, сондай-ақ УЕФА және ФИФА ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту міндеті қойылды", - делінген хабарламада. 

Скотт Мунн бұл лауазымды 2030 жылдың 12-ші шілдеге дейін атқарады. Ал қызметіне 2026 жылдың 13-ші шілдесінен бастап кіріседі.

"Осындай маңызды кезеңде Қазақстан футбол федерациясының құрамына қосылғаныма қуаныштымын. Президент Марат Омаров айқындаған бағыт пен федерацияның атқарған ауқымды жұмыстары маған үлкен әсер қалдырды. Елдегі футболды дамытуға үлес қосу үшін клубтармен де, халықаралық деңгейдегі әріптестермен де тығыз жұмыс істеуге асықпын", - деді Скотт Мунн.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.