Қазақстандық үш дзюдошы БАӘ-дегі Grand Slam турнирінің ширек финалына шықты

2 507

Фото: ҚР ҰОКБүгін, 29 қазанда Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Іріктеу белдесулерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі ширек финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов 1/8 финалда Қытай өкілі Ма Юйлиньнен басым түсті.

Осы салмақта сынға түскен Талғат Орынбасар да ширек финалға шықты. Ол ресейлік Турпал Хабибулаевты жеңді.

66 келіге дейінгі салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев хорватиялық Дани Клачардан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Ал осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Ақылжан Жұбатқанов алғашқы белдесуінде моңғолиялық Нарманда Баянмукхқа есе жіберіп, турнирдегі жолын аяқтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.