Қазақстандық өрт сөндіруші Италиядағы кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

177
Шығыс қазақстандық өрт сөндіруші Италияда өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдегендей, азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов Семей қаласындағы №40 өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді.

«26 жастағы өрт сөндіруші үнемі спортпен айналысып келеді. 15-24 қазан аралығында Италияда кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында өнер көрсетіп келді. Жарысқа 65 елден 1600 спортшы қатысты. Берік Қалықов Қазақстан намысын қорғап, қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 Берік Қалықов төтенше жағдайлар қызметінде 2016 жылдан бастап қызмет етеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.