Қазақстандық спортшы әлем чемпионатының жүлдегері атанды

516
Ауыр атлетик  Алексей Чуркин Грекияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке Грекияда өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер арасындағы сындар болды. Ел намысын қорғаған Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 146, ал, серпе көтеруде 183 келіні басынан асырды.

Яғни қоссайыс қорытындысы бойынша 329 келіні бағындырды. Бұл жарыс жеңімпазының көрсеткішінен 12 келіге аз. Сәйкесінше, алтын жүлде Индонезия, ал, күміс Қазақстан спортшысына бұйырды. Үздікті үштікті АҚШ өкілі түйіндеді.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Петр Хребтов бас-аяғы 307 келіні көтеріп, жалпы есепте 5-орынға жайғасты.

 Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады және осы аралықта тағы 6 спортшымыз бағын сыйнайды.