«Астана Аренада» тәртіп бұзған жанкүйерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған

2 512

Фото:© ЖИӘлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері футбол матчы кезінде ер адамның қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстағаны бейнеленген видеоны анықталған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Құқық бұзушының жеке басы анықталған. Ол – елорданың 28 жастағы тұрғыны. Матч барысында ер адам аяқ киімін шешіп, аяғын алдындағы орындықтың арқалығына қойып, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқан. Оның бұл әрекеті өзге көрермендердің наразылығын туғызған. Қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салған. Полиция өзгелерге құрметпен қарау, қоғамдық орындардағы тәртіп қағидаларын сақтау және қарапайым әдеп мәдениеті қоғамдық тәртіптің негізі екенін еске салады. 

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтауға, өзгелердің құқықтары мен жайлылығын құрметтеуге, сондай-ақ спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларда тәртіпті сақтауға шақырады. Әр адамның мәдениетті әрекеті – қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастырудың негізі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.