Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды

405
Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір «алтын» алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жекелей біріншілікте Елжан Таниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медальге ие болды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер атанды.

Айта кетсек, осыдан бір күн бұрын Қазақстан командасы топпен жаттығу жасауда алтын медаль иеленген еді. Спортшы қыздарымыз шеңбермен өнер көрсетуде 30 балл алып, топ жарды. Көркем гинастиканың бұл түрінде «күміс» Өзбекстанға, «қола» Жапонияға бұйырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.