СТРИТБОЛДАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

243

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіБүгін “Темір жол” саябағында қала әкімінің жүлдесіне арналған стритболдан республикалық турнирдің ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Стритбол - баскетболдан өсіп келе жатқан спорт түрі. Көптеген адамдар оны тек көше баскетболы деп қателеседі. Мұнда стандартты ережелермен қатар, шоу элементтері мен түрлі шығармашылық заттар ақылды түрде тоғысады, көше мәдениеті мен хип-хоппен араласады.  Стритбол - бұл 16 секундты қамтитын ойын. Бұл сан кездейсоқ пайда болған жоқ. Команда ойыншыларына шабуыл жасауға тура 16 секунд уақыт беріледі. Бұл уақыт шабуылшы допты қолына алған сәттен бастап жүреді. 
 
Қызылорда төрінде екінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі доданың ашылуына қала әкімі Асылбек Шаменов арнайы қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.




"Сыр елінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен және арнайы Өзбекстан мемлекетінен келген стритболшыларға ілтипатымды білдіремін. Жеңісті жолдарыңыз жалғасты болсын! Бүгінгі стритболдан республикалық турнирді ашық деп жариялаймын!", - деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Айта кету керек, бұқаралық спортты дамыту бағытында Қызылорда қаласы жыл сайын облыс көлемінде жоғары жетістіктерімен көш бастап келеді.
Жаңа толқын жастар үшін қазір барлық жағдай қарастырылып, түрлі ойын және спорт алаңдары ашылуда. Соның бір ғана дәлелі биылғы «Балалар жылына» орай облыс әкімінің бастамасымен, қала көлемінде 50 ойын-спорт алаңдары демеушілер көмегімен салынып, тұрғындарымыздың игілігіне пайдалануға берілуде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.