Павлодар облысында ауыл тұрғыны бірге тұратын әйелін ұрып-соқты

251
Павлодар облысында ауыл тұрғыны бірге тұратын әйелін ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

35 жастағы ауыл тұрғыны бірге тұратын әйелдің бетінен бірнеше рет жұмырығымен ұрып-соққан. Әйел адам шыдай алмай, полицияға жүгінді.

– Учаскелік инспектор ауыл тұрғынына қатысты КР ӘҚБтК 73-бабының 2,1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материалдар сотта қаралды. Ертіс аудандық сотымен ер адамға алты күнге  әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза қолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Басқа жағдайда, ер адам кәмелетке толмаған баланың басының желке бөлігіне бірнеше рет соққы беріп, бет жағына ауырсыну жағдайын туғызды. Ересек бұзақыға қатысты ҚР ӘҚБК 73-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды. Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен 31 жастағы ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған төрт күнге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.