Анна Данченко тікелей эфирде жылап қалды

596
Аты мемлекетке әйгілі «Қалаулым» бағдарламасында көзге жас аларлықтай сәт орын алды. Анна Данченконың анасы бағдарламаға алғыс айту күнінде хабарласып, қызына ақ жүрегінен шыққан жүрекжарды лебіздерін арнаған. Эфир кезінде жақын адамының қоңырау шалатынын күтпеген журналист анасының сөздерінен кейін көзіне жас алған. Тележүргізуші бұл әсерлі сәт жайында өз  Instagram парақшасында да баян еткен. Ақпаратқа сүйенер болсақ, ол ата-анасын бір жылдай уақыт көрмеген. Сол себепті, тікелей эфирде оларға деген ыстық сағынышы сыртқа шығып, журналист көзіне жас алған. Тележүргізуші өз сөзінде  коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі салдарынан ата-анасына бара алмай жүргенін айтты. Сонымен қатар өзінің ата-анасын қатты сағынғанын, ол үшін бұл жағдайдың күтпеген тосын сый болғандығын баяндады.