Қазақстандық жас өнерпаз балалар байқауының жеңімпазы атанды

1 294

Қазақстандық жас орындаушы Шерхан Арыстан XXI Халықаралық «Витебск» балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.


Шерхан Арыстан жүлдені «Витебскідегі славян базары» XXXII халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан алды.


Қазылар алқасы 12 жастағы Шерхан Арыстанға екі күнде ең жоғары баға – 70 балдан берді. Ол барлық қарсыластарын жеңіп, 140 ұпай жинады.


Байқаудың бірінші күнінде ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e vai («Сүй, сен және бар») композициясын орындады.


БЕЛТА-ның жазуынша, жас орындаушы мықты вокалдық өнерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын таңқалдырды. Шерхан туған елінде танымал эстрада жұлдызы болуды армандайтынын айтты.


Беларусь елінің атынан өнер көрсеткен София Рустамова байқау көшбасшысынан небәрі 4 ұпай артта қалды. Байқаудың бірінші күнінде ол 66 ұпай, ал екінші күні - 70 ұпай жинады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.