Тасқа қашалған көне артефакт табылды

2 551

Фото: Ақмола облысы ТЖДАқмола облысының Сандықтау ауданында көне артефакт табылды. Тарихи олжаны «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Сандықтау аудандық ТЖБ қызметкерлері Нұрсұлтан Әшкенов пен Ахмет Зарипов Балкашино ауылы маңындағы орман ішінен байқаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, артефакт-тасқа қашалған адамның беті. Бұл туралы өрт сөндірушілер Ақмола облысы ТЖД және Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» мамандарына хабарлап айтқан.


Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес. Осыған ұқсас ескерткіштер, қола және ерте темір дәуірлері, сондай-ақ, орта ғасырлардағы түркі кезеңінде табылған.


«Мұндай мүсіндер қола дәуірі кезеңіне тән, Шығыс Еуропа және Орта Азия аумағында кездеседі. Сондай-ақ, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштерге ұқсастық бар, Оңтүстік Сібір аумағында Ғұн, Сармат кезеңінде де кездеседі. Бізге белгілісі орта ғасырлардағы Еуразия аумағында кеңінен тараған түркі мүсіні. Сонымен бірге, жаңа заман кезеңінде естен шығармау керек», - дейді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Сергей Ярыгин.


Ақмола облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Жасұлан Үкеевтің атап өткендей, қазіргі уақытта артефакт мемлекеттік қорғауға алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.