Ұлттық киноны қолдау орталығы 2025 жылға киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жыл сайын ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды іріктеу үшін конкурс өткізеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олардың барлығы белгілі бір санатқа сәйкес келуі керек.
Осыған орай, кино орталығы 2025 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды.
ОЙЫН ФИЛЬМДЕРІ:
– Отан, туған жерге деген сүйіспеншілік
– Отбасы (ата, әже, әке мен ана бейнесін ашу, тәрбиені дәріптеу)
– Тарих пен тағылым
– Жұмысшы мамандықтарын танымал ететін кино
– Қазақ ертегілері мен эпостары
– Балаларға арналған фильмдер
– Тұлғалар (танымал тарихи тұлғалар туралы фильмдер)
– Қоршаған орта, табиғатты қорғау
– Әскери-патриоттық кино
– Заң мен тәртіп
– Еңбек адамының бейнесі
– Ауыл тіршілігі
– Кәсіп пен нәсіп
– Салауатты өмір салтын, спортты насихаттайтын кино
– Бірлік пен бейбітшілік
– Ғарыш пен ғалам
– Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі
– Ауыл – алтын бесік
АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР:
– Ұлттық құндылықтар
– Туған жердің көркем табиғаты
– Ата-анаға құрмет
– Адал азамат
– Қазіргі заманның қаһармандары (кішкентай көрермен еліктейтін кейіпкер)
– Қазақ ертегілері
– Дос қадірі
– Мотивация
– Намыс пен жігер (спорт түрлерін насихаттау)
– Білімді ұрпақ
ДЕРЕКТІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ХРОНИКАЛЫ ФИЛЬМДЕР:
– Мемлекет мерейі, саяси қадамдар мен халықаралық қатынас
– Біздің Отан (географиялық-экскурсиялық бағыт)
– Ел бірлігі
– Тарихтағы елеулі оқиғалар
– Ғылыми жетістік
– Құмарлық пен тәуелділік
– ІТ мамандар
– Этнография – тамыры тереңге жайылған құндылықтар
– Экология (табиғат ерекшеліктері, рейнджерлердің өмірі және т.б.)
– Қайраткерлер (тарихи тұлғалар, мәдениет, қорғаныс, ғылым және спорт)
– Волонтерлер атқарған ауқымды істер
– Танымдық тақырыптар (білім, инновация, ғылым)
– Отбасы құндылығы
– Құтқарушыларды, медицина қызметкерлерін, құқық қорғаушыларды дәріптеу
– Салауатты өмір салты