Ұлттық кино орталығының конкурсына 400-ден аса өтінім түсті

2 597

Фото: zanmedia.kzЭлектронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 444, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық кино орталығының конкурсына 400-ден аса өтінім түскен. Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталғанын хабарлады.

«2025 жылы анимациялық, деректі және ойын фильмдерінің әртүрлі санаттары бойынша біршама өтінім келіп түсті. Анимация саласында 42 өтінім берілген. Деректі-хроникалы фильмдер санатында 103 өтінім түсті. Ойын фильмдеріне келетін болсақ, 299 өтінім келген.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Орталық өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына енгізеді. Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады. Кеңес құрамы 20 жұмыс күні ішінде басым тақырыптарға,  сюжеттің құрылымы мен драматургия принциптері секілді басты талаптарға назар аударып, өтінімдерді қарап шығады. Екінші кезеңде Сараптама кеңесі ұсынған жобалардың құжаттар пакеті жинақталады. Бұл ретте қате орын алса, оны түзеуге 3 күн уақыт беріледі», – деп хабарлайды Кино орталығының баспасөз қызметі.


Айта кетейік, биыл конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінім қабылдау 5-13 наурыз  (12 наурыз сағат 23:59) аралығында жүргізілді. Бұған дейін қаңтар айында кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланды. Сонымен қатар Кино орталығы жанынан консультациялық қолдау шаралары жүргізілуде. Кино орталығының кеңсесінде жеке консультациялар, телефон қоңыраулары арқылы сұрақтарға жауап берілді, әлеуметтік желіде жаңа ережеге, конкурсқа қатысты қажетті мәліметтер жарияланып келеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.