«Бақыт құшағында» фильмі Францияда «Үздік дебют» аталымын жеңіп алды

2 579

Фото: Фильмнің постері29 қазан мен 2 қараша аралығында Францияда өткен Festival du Film Kazakh қазақ киносы фестивалінде режиссер Саят Шапашовтың «Бақыт құшағында» джубокс мюзикл фильмі «Үздік дебют» аталымын иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фильмнің Франциядағы көрсетілімі фестивальдің жабылу салтанатында өтті. Іс-шараға әлемнің 50-ден астам елінен киногерлер, сыншылар мен көрермендер қатысты. Париждегі көрермендер қазақ тіліндегі мюзиклге жоғары баға беріп, фильм көтерген рухани және отбасылық құндылықтарды ерекше атап өтті.

Айта кетсек, қазақ киносы тарихындағы алғашқы джубокс мюзикл — «Бақыт құшағында» биыл 23 қазанда, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай, үлкен экрандарға шыққан. Туындының негізін композитордың 12 әні құрайды, олар симфониялық оркестр сүйемелімен жазылған.

Фильм түсірілімі бір ай ішінде толықтай қазақ тілінде, елорданың көрікті жерлерінде өткен. Жобада 230-ға жуық актер қатысып, ірі би көріністері қойылған. Картинада отбасы институты, анаға құрмет, ер азаматтың жауапкершілігі мен адалдық тақырыптары кеңінен қозғалады.

Кинотуындыны композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова қолдаған. Фильм қазір еліміздің кинотеатрларында көрсетілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.