Бүгін - суретші Әбілхан Қастеевтің туған күні
122 жыл бұрын (1904-1973) қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан ҚАСТЕЕВ дүниеге келген, деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының Панфилов ауданында туған. Алматы қаласында және Мәскеу қаласында көркемсурет студиясында оқыған.
Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білген.
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВТІҢ АҢҒЫРТ СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМІ - Қалам
Қылқалам шебері сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, республикалық қоғамдық өмірдің жылнамасын жасаған. Абай мен Қастеев арасындағы нәзік байланыс дүниені эстетикалық-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қастеевтің сүйікті кейіпкері болған.
Ол Абайдың келбетін әр қырынан сомдаған. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Абай киіз үй алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» және «Бүркітші», «Қыс», «Жаз», «Көктем» атты шығармалары осыған дәлел.
Шымкент қаласындағы өнер училищесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы Қастеевтің атымен аталады.
«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.







