Алматылық мультипликатор ғажайып туындысын ұсынды
305
Мультипликатор Глеб Пономарев Қазақ хандығы дәуірінің жауынгерлеріне «жан бітірді», деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Суретші Талғат Тілеужановтың «Әбілқайыр» картинасын негізге ала отырып, бейнебаян жасаған. "Қазір жастар сурет көрмелеріне бармайды. Бірақ әлеуметтік желіні қолданады. Сондықтан, осы формат арқылы тарих пен өнерді насихаттауға үлес қосқым келді», – дейді мультипликатор.
Мультипликатор үшін ауқымды картинаға «жан бітіру» оңайға түспеген. Глеб онда бейнеленген әрбір кейіпкерден бастап, киім-кешегі мен сауыт-сайманына дейін баса мән берген. Оған қоса, табиғатқа да жан бітіреді. Соның бәрін 100 бетке бөліп, әрқайсысын қолмен өңдеп шыққандығын жеткізді. Нәтижесінде байрақ желбіреп, жылқылар кісінеп, күн күркіреп, бұлт жөңкіген көрініс пайда болған. Басты картина ретінде Талғат Тілеужановтың «Әбілқайыр» картинасымен жұмыс істеген.
Видео толық болу үшін Есенғали Садырбаевтың «Дала» суретін де қолданған.
Мультипликатордың айтуынша, көпшілікке ұнағандығын жиі хабарласып айтып жатыр. Қазір адамдардың барлығы жұмысбасты. Жастар да галереяға бара бермейді. Ал, әлеуметтік желіні барлығы қарайтындығын атап өтті.
Картина авторы, суретші Талғат Тілеужановтың айтуынша, картинаның идеясы екі бөліктен тұрады. Пономарев олардың біреуін ғана қолданған. Қылқалам шебері бұл картинаны салу үшін бір жыл тынбай жұмыс істеді.

«Бұл біздің тарихымыз емес пе? Өз басым суретті алғаш көргенде оның атмосферасына таңғалдым. Онда сарбаздардың Аңырақай шайқасына кірер алдындағы дайындығы бейнеленген. Суретте жауынгерлердің жүзі қатал, сұсты етіп салынған. Осы эмоцияны басқаларға жеткізгім келді. Жалпы бәрі үйлесімді болып шықты. Түсіне өзгеріс енгізіп, анимация жасадым»,- деді Глеб Пономарев .