Арбадан сахнаға дейін: ерекше жандардың өмірін өзгерткен театр

2 511

Астанадағы «Қанаттылар» инклюзивті театры – мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы алғашқы инклюзивті театр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы құрылған ұжым бүгінде 35-тен астам актерді біріктіріп, көрермен назарына 26 спектакль ұсынып келеді. Театр қойылымдарын тамашалаған көрермен саны 10 мыңнан асқан. Театрдың басты мақсаты – өнер арқылы инклюзивтілік пен теңдікті насихаттау. Мұнда драма, комедия және музыкалық спектакльдер сахналанып, актерлерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берілген.Фото:© Арман Мухатов Театрдың алғашқы актерлерінің бірі Құрбанәли Әбуов ұжым құрамында театр ашылған күннен бері еңбек етеді. Оның айтуынша, алғашқы кезде актерлік өнер оған таңсық болғанымен, уақыт өте келе театр өмірінің маңызды бөлігіне айналған. Ал театр актері Ерболат Бекентаев бұл ортаға 2022 жылы қосылған. Ол көп жылдан бері сахнада жүргеніне қарамастан, әр қойылым алдында алғаш рет өнер көрсететіндей толқитынын айтқан.

Жуырда театрдың «Соқырлар» спектаклінің премьерасы өтті. Екі күн бойы сахналанған қойылым көрермендердің жоғары бағасына ие болып, театрға деген қызығушылықты арттырған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.