Елімізде ашаршылық жайлы фильм түсіріле бастады

331
Елімізде «Өліара» атты тарихи фильмнің түсірілімі басталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Кеше «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов «Өліара» фильмінің түсірілім алаңында болып қайтты.

Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары Алматы облысында жүріп жатыр.

Венгриялық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмі 30-жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылық туралы баяндайды.

Режиссердің айтуынша, бұл тақырыпқа фильм түсіруді студент кезінде ашаршылық туралы алғаш естігенде ойлаған екен.

Фильмнің сюжеті бойынша ату жазасына кесілген Иштван Мадьяр қазақ ауылының жергілікті тұрғындарымен бірлесіп, қызыл әскермен күресуге мәжбүр.

Туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бастамасымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленіп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.