Қазақстан мен Түркия көне жазба мұраларды сақтау бойынша тәжірибе алмасты

2 512

Фото: ©Мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланған. Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылған.Фото: ©Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылды.Жиын қорытындысы бойынша тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта қолжазбаларды қалпына келтіру жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісім жасалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.