Қазақстандық суретшінің Германияда көрмесі ашылды

177
Қазақстандық суретшінің көрмесі бүгінде Германия астанасында алғаш рет ашылды, - деп хабарлайды
Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық танымал суретші Бақытнұр Бүрдесбековтің Берлинде көрмесі ашылды. Аталмыш іс-шараға мәдениет қайраткерлері, қазақстандық дипломаттар мен шетелдік коллекционерлер қатысты. Бұл көрмеге қылқалам шеберінің 30-ға жуық еңбегі қойылды. Алайда, шебердің  шетелде өткізген алғашқы көрмесі емес екендігі де баршаға мәлім. Бақытнұр Бүрдісбековтің картиналары осы күнге дейін  Франция, Түркия, Жапония және АҚШ тұрғындарының назарына ұсынылған болатын. Ал, Берлин қаласындағы көрме 2 айға созылатындығы да аталып өтті. Қылқалам иесінің бүгінгі күні көрмеге қойған бірнеше суреттері сатылып кеткен болатын. 

«Әдетте адам қымбат туындыны таңдағанда бірнеше ай, бірнеше күн, тым құрығанда, жарты күн, бірнеше сағат ойланады. Бір әйел адам суретті 10 минут қарады да сатып алуға бірден шешім қабылдады. Ол бұл картинаға бір көргеннен ғашық болып қалды десем қателеспеспін. Бұл мен үшін де үлкен абырой. Себебі көрменің текке ұйымдастырылмағанына көз жеткізесіз. Сатып алушылар ғана емес, өнердің бағасын білетін адамдар да көптеп келіп жатыр. Олар «о, керемет көрме өтіп жатыр»»,- дейді"ARS PRO DONO" галереясының негізін қалаушы Алексей Шрайнер.