Семейде М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойын тойлау басталды

881
Биыл кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына - 125 жыл. Осыған орай Семейде мәдени шаралар басталмақшы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"90-ға тарта республикалық және халықаралық шаралар және 500-ге тарта республикамыздың өңірлерінде осы Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына байланысты іс-шаралар жоспарланып отыр. ТҮРКСОЙ ұйымымын бірлескен халықаралық шараларымыз өтеді. Басты мақсат - Әуезовтың қалдырған мұрасын жаңғыртып, насихаттау," - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.


Өңірде жыл бойы 100-ден астам шара ұйымдастырылмақ. Түрлі көрмелер, театр фестивальдері, әдеби байқаулар өтпек. Әуезовке қатысты тың зерттеулер жарық көреді. Мерейтойға орай халықаралық деңгейдегі шаралар да қолға алынбақ. 
Сонымен қатар, қазақтың заңғар жазушысының мерейтойын атап өту жөніндегі жалпы республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады.
Оның ішінде Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейі ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, Шолпан-Атада жазушының бюсті орнатылады.
Мектеп оқушыларына арналған «Әуезовтану» бейнедәрістер циклы әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, «Ақан-Зайра» трагедиясы алғаш рет сахналанады.  Сондай-ақ «Қилы заман» повесі бойынша телехикая түсіріледі.
Мәдени іс-шаралар аясында шетел мұрағаттарында Мұхтар Әуезовке қатысты құжаттар зерделеніп, тың материалдарды іздестіру қарастырылған.  Одан бөлек өңірлік деңгейде жоспардан тыс 500-ден аса мерекелік шара өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты Ералы Тоғжанов жазушының мерейтойын атап өтуге барлық өңір атсалысуы қажеттігін атап өтті.
Кеңес барысында әдебиеттанушылар мен жазушылар тарапынан мерейтойды атап өтуге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. 


Вице-премьер қоғамдық маңызы бар мәдени-бұқаралық, ақпараттық-имидждік, ғылыми зерттеу, ағартушылық іс-шаралардың жоғары деңгейде орындалуы үшін бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрілігіне жоспар мен мерейтой логотипін барлық мемлекеттік органға уақытылы жолдауды және оның іске асырылуы туралы есептік ақпаратты Үкіметке тоқсан сайын енгізуді тапсырды. Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.