"Один дома" фильмінің жұлдызы алғаш рет әке атанды

358

Фото: Маколей Калкин"Один дома" фильмінің жұлдызы, 40 жастағы Маколей Калкин мен актриса Бренда Сонг ұлды болғандарын хабарлады.

Актердің ұлы 5 сәуір күні дүниеге келген. Оның салмағы 3,11 келі. Маколей Калкин ұлының есімін марқұм әпкесінің құрметіне Дакота Сонг Калкин деп атаған. 

"Біз өте қуаныштымыз", - дейді алғаш рет ата-ана атанған жұп. 

Маколей Калкин мен Бренда Сонг бірнеше жыл бұрын Таиландта фильмнің түсірілімі кезінде танысқан.
Маколей Калкин әйгілі "Один дома" фильмінен бөлек, "Добрый сынок", "Богатенький Ричи", "Моя девочка", "Клубная мания", "Спасенная" және "Повелитель страниц" секілді фильмдерге түскен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.