Ұшқыш Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай көрме ашылды
471
«Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрмеде қаһарман ұшқыштың есімі дәріптелді. Көшпелі көрмеге музей қорынан 90-ға жуық жәдігер әкелінді. Бұл жөнінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы Динара Бейсенбаева айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласындағы мемлекеттік орталық музейде әуеге 300 мәрте көтерілген штурман-ұшқыш Хиуаз Доспанованың ерен ерлігін насихаттайтын көрме ашылды. Арнайы жасалған экспозициялық қабырғаларда «Қанатты қыздың» жеке және отбасы мүшелерімен, туған-туыстарымен, жауынгер достарымен түскен суреттері, майдан хаттары, еңбек еткен жылдарында иеленген марапаттары көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың батыр қызға жазған хаттары мен қаһарман тұлға туралы мақалалар топтамасы қойылды. Көрмеге келушілер Хиуаз Доспанованың майданда және өмірде қолданған жеке заттарын тамашалай алады. Көшпелі көрмені ұйымдастырған Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері.
Айта кетейік, көрме 6 -12 мамыр аралығында болады. Кіру тегін.

«Көрменің мақсаты – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін жастар арасында кеңінен насихаттау. Көшпелі көрмеге музей қорынан 90-ға жуық жәдігер әкелінді. Жалпы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Хиуаз анамыздың 150-ден астам экспонаты бар. Оның 120-сы құжат пен сурет болса, қалған 30-ы өзі өмірде қолданған бұйымы мен заттары», – дейді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы Динара Бейсенбаева.