Артур Төлеповтың отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ

421
Отандық танымал актер Артур Төлепов жақында тағы да балалы болмақ. Өнер иесінің келіншегі Мадина Төлепова аяғы ауыр екенін растап, болашақ нәрестенің жынысын жария етті.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен бірден желідегі оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген. Ерлі-зайыптылар қалың көпшілікке екінші сәбиін күтіп жүргенін ғана емес, тіпті оның жынысын да хабарлап тастады.

Олар соңғы кезде ел арасында кеңінен таралған "гендер-пати" өткізіп, оның видеосын Instagram желісінде жариялаған.

"Бұл отбасылық қуанышты жаңалығымызды сіздермен бөлісуді шештік! Абылайханымыз аға болайын деп жатыр Алла қаласа", - деп жазды Мадина Төлепова парақшасында. 

Бейнежазбадан жұбайлардың қара түсті шарды жарып жатқандарын көруге болады. Оның ішінен көк түсті қағаздар шықты. Бұл дегеніміз жұлдыз жұп тағы да ұлды болатынын білдіреді.