Түркістанда жауынгер әйелдің қорымы табылды

437
Шымкенттік археологтар «Қызылжар» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде 2 мың жыл бұрын өмір сүрген жауынгер ханшаның сүйегін тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қабірден сол дәуірдің қару-жарағы мен әшекей бұйымдары да шықты. Археологтардың болжамы бойынша бұл сармат тайпасына тиесілі көрінеді. Жауынгер әйелдің обасы археологтар үшін нағыз олжа болды. Олардың айтуынша, бұл қатардағы адамның сүйегі емес. Өйткені оның жанынан жебе, садақ, қанжар мен алтын жалатылған моншақтар, қола зергерлік бұйымдар да табылды. 

"Қорымның диаметрі 22 – 25 метр. Бұл жерге атақты адамның жерленгенін оның өлшеміне қарап айтуға болады. Ол белгілі бір топтың қолбасшы әйелі де болуы мүмкін", - дейді археолог, профессор Александр Подушкин 
 
Жер астында ғасырлар бойы көміліп жатқан заттар қатты бүліне қоймаған. Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, бұл самрат тайпасына жататын шамамен 50 жастағы жауынгер әйел болуы мүмкін.

"Қазақстанның оңтүстігі этникалық сарматтардың аумағы болып саналмайды. Бірақ бізде оны жоққа шығаратын материалдар бар. Бұл зерттелген ақпарат", - дейді  археолог, профессор Александр Подушкин 

Көрші қорымда тағы бір ежелгі әйелдің обасы табылды. Бірақ тарихшыларды оның жеке заттары, яғни қола айна мен инешек қызықтырды.

"Айна адамның бейнесі сияқты. Бірақ адамдар оны сындырып салған. Белгілі бір жерлеу рәсімі болса керек", - студент Екатерина Асадчева

Ал мына бір тақтаға 2 жарым мың жылдан асады. Қыш кестесі Күлтөбе қалашығынан табылған. Бұл экспедицияның 26-олжасы.

Археологтардың айтуынша, табылған заттар ежелгі адамдардың жоғары өркениетін көрсетеді. Олардың бәрі де музейге табысталады.

Ал қазба жұмыстары жүргізілген аумақ бастапқы қалпына келтіріледі.