Еліміздің қолөнершілері жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр
Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Түркістанның қолөнер шеберлері үшін арнайы ғимараттың жоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Бұрынғы Қолөнершілер орталығы Түркістан қаласы облыс орталығы болған сәтте ғимарат тапшылығынан өзге мекемелерге берілген. Содан бері шеберлер өз үйінің бір бұрышынан цех соғып, сонда жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр қиырында отырғандықтан тұтынушылардың да сұранысы төмендеп кеткен.
Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кәсіпкерлермен кездесуінде көтерілді. Мәселені байыппен тыңдаған облыс басшысы қолөнерге қатысты арнайы бағдарлама әзірленетіндігін айтты. Сондай-ақ рухани-мәдени орталықтан қолөнершілер орталығын салу жөнінде мәселені қарайтынын жеткізді.