Алматыда «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты музыка фестивалі өтті

491
Қазақтың ұлттық аспаптарын жетік меңгеріп, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін ұлт өкілдері Алматыда өткен «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты музыка фестивалінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Олег Никитин домбырада Құрманғазының «Адай» күйін, Бабек Иылдырым қобызда «Қаракемер» күйін орындады. Денис Яковлев халық әні «Екі жиренді», опера әншісі Ангелина Югай «Қуанамын» әнін, Роксана Құрбанова халық әні «Арман-айды» көрермендердің ерекше қошеметіне бөлене отырып орындады. Сондай-ақ басқа да артистер тамаша өнер көрсетті.


Концерттік бағдарлама Игорь Благодарныйдың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру», - делінген министрлік хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.