Ауылда баспана құрылысын дамытатын бағдарлама қажет – Сенат депутаты
463
Сенаттың тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесіне арналған Үкімет сағатында депутат Ольга Перепечина баспана құрлысына арналған бағдарламалардың бәрі ауылды айналып өтіп жатқанын мәселе етіп көтерді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы бойынша, алдағы жеті жылдың ішінде 11 млн шаршы метр баспана салынуы керек. Нарықтағы жағымды тенденция халықты баспанамен қамту көрсеткішін 2018 жылмен салыстырғанда 5,9% жақсартуға мүмкіндік берді.
Алайда табанды өсімге қарамастан, қазақстандықтарды баспанамен қамту деңгейі өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Өйткені Біріккен ұлтттар ұйымының стандарты бойынша, бір адамға қажетті баспана ауданының нормасы 30 шаршы метр болу керек. Бұл біздің елдегі деңгейден әлдеқайда жоғары - 23,2 шаршы метр. Халықаралық тәжірибе құрылыс елдегі бүкіл экономиканы алға жетелейтін сала екенін көрсетіп отыр. Бұл заңдылық біздің елге де тән. Ел экономикасының негізгі драйверінің бірі құрылыс саласы болып отыр», - деді депутат.
Оның мәліметі бойынша, құрылыс саласының елдің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 6%-дан сәл асады.

«Ал БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының дерегі бойынша, аталған көрсеткіш 2010 жылы елімізде 8% болған екен. Оның үстіне осы көрсеткіш жөнінен Қазақстан ТМД-ның Әзербайжан, Армения сияқты мемлекеттерінен, Балтық жағалауы елдерінен кейін тұр.2021 жылмен салыстырсақ, қыркүйек айында құрылыс саласының Ұлттық банк түзген іскерлік белсенділік индексі 50,21%-дан 46,25%-ға дейін түскен. Халық санының өсуі мен урбанизация ұдайы өсіп келе жатқанын ескерсек, тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі ушығуы мүмкін.Қазір халықтың 41%-ы ауылда тұрып жатыр. Бірақ ауылдағы халық санының өсуі қаладағы өсімнен әлдеқайда төмен. 2011 жылдан 2021 жылға дейін қала халқының саны 24,2% өссе, 3,6% ғана артқан. Бұл бірінші кезекте ауылдағы баспана құрылысын дамытуға бағытталған бір де бір бағдарламаның болмауымен байланысты. Осы тенденцияны ескерсек, баспана мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты бола бермек», - деді Ольга Перепчина.