Елімізде арақ өндірісі 95 пайызға артты

551
Биылғы қаңтар-қазан аралығында сусын өндірісінің көлемі ақшалай көлемде 623 661,5 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ұлттық статбюро мәліметінше, 10 айдың ішінде алкогольсіз 2 019 743,7 мың литр сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан.

Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) 555 096,3 мың литр су өндірілді, бұл өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 пайызға төмен.

Алкоголь зауыттары 10 айда 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық.

Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр.

Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді – 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз.

Қазақстанда сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.