АЭС құрылысы туралы шешім биылдан қалмай қабылданады

363

Қазақстанда АЭС құрылысы туралы шешім биыл қабылданатынын Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Шенеуніктің айтуынша, барлық есеп елімізге электр энергиясының жаңа күші қажет екенін көрсетіп отыр.

"Еліміздегі қуат көздері ескі әрі тозған, олардың күші жетпей жатыр. Сонымен қатар қазіргі экологиялық талаптарды да ұмытпау керек. Қазақстанда негізгі энергия көзі — көмір. Біздегі металлургия болсын, мұнай саласы болсын электр энегрияны негізінен көмірден алады. Сондықтан атом станциясын салу мәселесі қаралып жатыр, бірақ оның қай жерде, қандай мөлшерде және қуаты қандай болатыны әлі анықталмады. Менің ойымша, шешім биыл, 2022 жылы қабылданады", деді Жандос Нұрмағанбетов.

Оның айтуынша, Кеңес одағы кезінде де, бұған дейін де АЭС-ті Алматы облысындағы Үлкен ауылында, Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында және еліміздің батысындағы аймақта салу қарастырылған. Қазақстан батысында, кезінде, тіпті, атом станциясы жұмыс істеген.

Вице-министрі атом энергиясынан бас тартып жатқан елдерге қатысты да пікір білдірді.

Иә, бәрі Германияның мысалын айтады. Бірақ көрші Францияда, керісінше, жаңа 20 реактор салу жұмысы жүріп жатыр. Әр мемлекеттің өз жолы бар. Қазір әлемде Финляндия, Швеция, Араб Әмірліктері, Түркия сияқты елдерде 50 реактордың құрылысы жүріп жатыр,— деді Жандос Нұрмағанбетов.