Қазақстанда орташа жалақы 338 715 теңге

555

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың өткен жылдың IV тоқсанындағы жалақысы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IV тоқсанда 338 715 теңге болған. 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 22,9 пайызға тең. Жалақының медианалық мәні 2022 жылғы ІV тоқсанда 204 168 теңгені құрады.
 
"IV тоқсандағы орташа айлықтың өсуі жыл соңында берілетін сыйақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры жұмысшылар санына бөлінеді. Деректерді біз қызметкерлер саны мен жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан келген мәліметтер негізінде аламыз," — деді Бюроның еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.