Бір жыл ішінде елімізге шетелден 46,1 млн долларға гүл әкелінген

1 851
Елімізде бір жыл аралығында сырттан әкелінген гүл бағасы 46,1 миллион долларды құрады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті.

Ведомства дерегіне сүйенсек, елге импортталатын гүл мөлшері 9,7 пайызға артқан. Әсіресе раушан гүлдеріне сұраныс жоғары. 2022 жылы АҚШ-тан 30 миллион доллардың гүлі әкелінген екен. Негізінен Қазақстанға импортталатын гүл түрлерінің басым бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі. Ол қатарда хризантема, қалампыр, орхидея, лалагүлдері бар. 

Министрлік, сонымен қатар экспорт көлемі де ұлғайып қалғанына тоқталған. 2022 жылы елдегі гүлдерді шетелдерге шығару 10,1 пайызға өсіп, 2,7 миллион долларды құраған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.