Облыс бойынша 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
Облыс бойынша 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Биыл облыс бойынша 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Ал негізгі дақыл – күрiштің көлемі 83,9 мың гектарды құрайды. Былтырғымен салыстырғанда егіс көлемі 7 мың, күріш 5,3 мың, малазықтық дақылдар 2,3 мың және картоп, көкөніс, бақша көлемін 222 гектарға ұлғайту жоспарланған. Вегетация кезеңінде cу лимиті белгіленгеннен соң бұл көрсеткіш қайта нақтыланбақ. Аймақта күріш егу сәуір айының үшінші онкүндігінде басталады. Қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүруде.
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді
Қазалы ауданы биыл 17612 гектарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарлаған. Оның ішінде негізгі дақыл – Сыр салысы 7 мың гектарға жуықтайды. Сондай-ақ дәнді дақылдардан бидай, арпа, тары, майлы дақылдардан күнбағыс пен мақсары бар. Ал 2250 гектар жерге картоп, көкөніс және бақша өнімдері егіледі. Бұның ішінде ең көлемдісі – 8 мың гектар жерге егілетін мал азықтық дақыл, яғни, жоңышқа екені түсінікті. Қосымша сүрлемдік жүгері егу де шаруалардың жоспарында тұр.
Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қажетті тұқыммен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ шаруашылықтар тұқым сорттарын жаңарту үшін 967 тонна күріш пен 5 тонна жоңышқа және 15 тонна жүгері тұқымын алу үшін келісім-шартқа отырыпты.
Аудан аумағында көктемгі егіс жұмыстары басталды. Қажетті жерді тазалау, жырту, тұқым себу, ылғал жабу, суару сынды тіршіліктер жүріп жатыр. Өткен егін жинау науқанында аудандағы шаруашылықтар өздеріне қажетті тұқымды дайындап қойған. Сондай-ақ шаруашылықтардан жиналған мәлімет бойынша биыл бізге 3766 тонна тыңайтқыш пен 4116 литр гербицид қажет. Қазір 2403 тонна тыңайтқыш, мың литрден астам гербицид жеткізілді. Қалғанын келісім-шарт негізінде жеткізушілер өз уақытында әкелуі тиіс. Сонымен қатар, егін егу, оны күтіп-баптау, жинау жұмыстарында шаруашылықтарда тракторлар мен өзге техника, жүк көліктері дайын. Барлығы да жөндеуден өткен. Қазір дала жұмыстарына 300-ге жуық техника жұмылдырылды. Ал ең қажетті нәрсе ол – жанар-жағармай. Мемлекет тарапынан жеңілдікпен 979 тонна дизель отыны бөлінген болатын. Қазір 346 тоннасы ауданға жеткізілді, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов.
Былтыр Қазалыдағы шаруашылықтар өз техникаларын пайдалана отырып, 52 шақырым су жүйесін тазартты. Ал биыл «ҚазСушар» мекемесі аудандағы «Сақыбай», «Құмаша» және «Жайқонақ» каналдарын қайта аршуда. Сонымен қатар, мұндағы шаруашылықтар су жолдарын қамыстан тазалаған.
Айта кетейік, ауданда 4694 гектар ескі жоңышқа толық тырмаланып, суарылған. Межеленген 2717 гектар жаңа жоңышқаның 2500 гектардан астамы егілді. Бұдан бөлек, 281 гектар жаздық бидай және 130 гектар арпа тұқымы себілуде.
Облыста жылдағыдай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті тұрғындардың бақша егуіне жағдай жасалған. Бүгінде Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша 6485 адамға берілетін жер нақтыланыпты. Егін егуге ынталы азаматтардың тізімі жасалып, бақша суаруға қажетті насос қондырғыларын қою, тұқым алу және жерді қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.
Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.
Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:
а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);
ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;
б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.
Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:
а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;
ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;
б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;
в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;
г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;
ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.
Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.
Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.
XX ғасырдың 80-жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екінші "жасыл революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс.
Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.[1]
Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.