Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд долларға жетті

1 347

Қазақстан Өзбекстанның негізгі үш сыртқы сауда серіктесінің қатарына кірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өзбекстан Республикасы статистика агенттігінің ақпараты бойынша, 2023 жылдың қаңтар-маусымында елдегі сыртқы сауда айналымы 29,2 млрд долларға жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,7 млрд долларға немесе 19,4 %-ке артқан.


Қазіргі уақытта Өзбекстан әлемнің 183 елімен сауда-саттық орнатқан. Елдің негізгі сауда серіктесі – Қытай.


Екі ел арасындағы айналым $5,2 млрд (жалпы көлемнің 18,1%-і) болды.


Екінші орында 4,4 млрд доллармен (15,1%) Ресей орналасқан. Үздік үштікті 2,19 млрд доллармен (7,5%) Қазақстан түйіндеді.


Жалпы тауар айналымы бойынша Өзбекстан Қазақстанға 699,3 млн долларлық тауар экспорттаған, ал импорт 1496,2 млн доллар болды.


Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты тауар айналымы 5 млрд долларға жеткені хабарланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.