Әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы 155,5 млрд теңгеге жеткен

1 309

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы 155,5 млрд теңгеге жеткенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Қазіргі таңда әкімдіктердің деректері бойынша фермерлердің алдындағы субсидиялау бойынша қарыздарды өтеуге деген қажеттілік 155,5 млрд теңге болып отыр. Фермерлер осы субсидиялар сомасын жылдың соңына дейін төлеуді сұрап отыр», - деді министр Үкімет отырысында.


Айдарбек Сапаров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының астық таситын вагондардың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етуі маңызды екенін еске салды.


«Ұлттық газ операторы тарапынан астықты кептіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарға газ толық көлемде берілуге тиіс.

Фермерлердің негізгі өтініштерінің бірі – «Азық-түлік корпорациясының» азық-түлік пен жемге қажетті астықты тікелей сатып алу шарасы. Оның нарықтық бағамен сатып алу үшін 20 млрд теңге қажет», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.