Орташа жалақы мөлшері 350 мың теңгеден асты

2 512

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы 602,4 мың теңге көлемінде Атырау облысында тіркелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2023 жылдың үшінші тоқсанында елдегі жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 350,5 мың теңгеден асты. Бұл бір жыл бұрынғыдан атаулы мәнде 16,9 пайызға артық. Ал инфляцияны есепке алғанда нақты өсім 3,5%-ға тең.


Өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа айлық жалақы 299,8 мың теңгені құраған.


Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы 602,4 мың теңге көлемінде Атырау облысында тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 14,3%-ға және нақты мәнде 2,8%-ға артық.


Көш бастап тұрған өңірлер қатарында Маңғыстау (519,1 мың теңге, бір жылдағы өсім нақты мәнде 2,2%) және Ұлытау (471,3 мың теңге, өсім 5,4%) облыстары да бар.


Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысының тұрғындары алатыны белгілі болды: 248,9 мың (бір жылдағы өсім 1,8%). Бұл үштікке Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірді.


Салалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақыны дәстүрлі түрде тау-кен өндіру және карьерлерді өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері алды: 756,7 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,5%-ға көп.


Ең көп жалақы төлейтін үш салаға сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (668,9 мың теңге) және ақпарат және коммуникация саласы (525,8 мың) енді.


Елдегі ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, су жабдықтау және су бұру салаларындағы қызметкерлер алады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.