Ұлттық қордан балаларға төлем түспеген жағдайда не істеу керек?
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры бала дерекқорда болмаса және оның есепшотына ұлттық қордан алғашқы төлем түспесе, не істеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БЖЗҚ жыл сайын "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының ресми деректері негізінде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысатын балалардың тізімін жасайды. Бұл дерекқорға енген балаға автоматты түрде төлем түседі.
Бағдарламаға қатысуға құқығы бар бала "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына кірмей қалса, келесі жылы оған былтырғы төлем қосып түседі.
Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мыналарды тексеру ұсынылады:
- Баланың жеке басын куәландыратын құжаты (туу туралы куәлік, 16 жастан бастап жеке куәлігінің) болуы;
- Жеке басын куәландыратын құжатта мәліметтердің дұрыстығы: Аты-жөні, туған күні, ЖСН, азаматтығы;
- egov.kz порталындағы жеке кабинетіңіздегі балалар туралы ақпараттың болуы.
Егер баланың жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН-і болмаса, Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚО) хабарласу қажет. Азаматтығы жоқ болса, белгіленбесе немесе дұрыс көрсетілмеген жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша көші-қон қызметіне хабарласу қажет.