Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі: "Білімді болсаң, 85 мың теңге алмайсың"
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистердің сұрақтарына жауап берді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
БАҚ өкілі министрден: «85 мың теңге көлемінде жалақы алатын 780 мың азамат бар. Оларға қандай кеңес бересіз?» – деп сұрады.
Светлана Жақыпова жауап ретінде әр азамат өз кәсіби деңгейін көтеруге тырысуы керек екенін атап өтті.
«85 мың теңге алмау үшін, ең алдымен оқу керек, еңбек ету қажет. Өзіңнің біліктілігіңді арттыра отырып, басқа жұмысқа орналасып, 85 мың теңгеден жоғары жалақы табуға болады», – деді министр.







