Тұрғын үйді несиелендіру секторы 13% өсті

2 250

Фото: gov.kzҚазақстандықтар ипотеканы жиі рәсімдей бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Finprom.kz порталының мәліметіне сүйенсек, 1 жылда тұрғын үйді несиелендіру секторы 13% өсті. Әсіресе халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардағы ағайын кредитті көбірек рәсімдеген. Түркістан облысындағы тұрғын үй сатып алуға берілетін несие 77,4% артқан. Шымкентте бұл көрсеткіш 16% жуықтайды. Ал Алматыда 14% өскен. Мәселен, былтыр жалпы 117 мыңға жуық ипотекалық несие берілген. Оның 54%– әйелдер қауымының еншісіне жазылыпты.



 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.