Қазақстан ғарыш технологияларын Конгоға экспорттайды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Конго Республикасы үшін айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін әзірлеу және іске асыру туралы инвестициялық келісімге ресми түрде қол қойылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы» АҚ мен Конго Республикасының өкілдері қол қойды.
Жоба ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың мониторингі, ауыл шаруашылығы, экология және урбанистика салаларында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған. Келісім аясында жер бетін жоғары дәлдікпен және жедел бақылауға қабілетті жоғары технологиялық спутниктік платформа құру көзделген.
Аталаған келісім Конго Республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топқа қазірдің өзінде Моңғолия кіреді. Бұл ғарыштық технологияларды әзірлеу саласындағы кеңейтілген халықаралық ынтымақтастықтың негізін қалайды, деректер мен мониторинг және аналитика саласындағы озық әзірлемелермен алмасуды қамтамасыз етеді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 2 қыркүйекте, тараптар Жерді қашықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жол картасына қол қойды, бұл қазіргі келісімге отыру жолында маңызды қадам болды.
Бұл келісім Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа технологиялық бастамаларды дамытуға ықпал ететін болады.