Жылдық инфляция 11 проценттен асты

2 555

Фото: istockphoto.comҰлттық статистика бюросы 2025 жылғы мамырда жылдық инфляция деңгейі 11,3%-ды құрайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш сәуір айында 10,7%, ал наурызда 10% болған еді.

2025 жылғы мамырда тұтыну бағаларының айлық өсімі бәсеңдеп, 0,9%-ды көрсетті (сәуірде бұл көрсеткіш 1,2% болған).

Айлық өсім бойынша:

  • ақылы қызметтер – 1,3%,
  • азық-түлік өнімдері – 0,9%,
  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,6%.

Тұтыну бағалары индексінің жылдық құрылымындағы өсім келесідей:

  • ақылы қызметтер – 16%,
  • азық-түлік өнімдері – 9,6%,
  • басқа тауарлар – 9%.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.