Экономика министрлігі жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесін бекітті

2 506

Фото:©Пресс-служба министерства труда и социальной защиты КазахстанаҰлттық экономика министрлігі Қазақстанның әлеуетті жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) есептеу әдістемесін бекітті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ықтимал ЖІӨ өндірістік факторды толықтай пайдалану және инфляциялық қысым болмаған кездегі экономикадағы мүмкін болатын ең жоғары өндіріс көлемін анықтайды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа әдістеме ел экономикасының ұзақ мерзімді және тұрақты өсу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік бермек. Әлеуетті ЖІӨ көрсеткіші экономиканың инфляциялық қысымсыз қол жеткізе алатын ең жоғары өндіріс көлемін анықтауға көмектеседі. Нақты экономикалық өсімнің әлеуетті деңгейден қаншалықты жоғары немесе төмен екенін бағалауға жол ашпақ. Есептеулерді жүргізу барысында Ұлттық статистика бюросының ресми деректері пайдаланылады. Әлеуетті ЖІӨ көлемін тоқсан сайын бағалау жоспарланған.

Министрліктің мәліметінше, бұл көрсеткіш экономикалық өсудің сапасын талдауға, іскерлік белсенділіктің деңгейін анықтауға және экономикалық циклдің қай кезеңде тұрғанын бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынған нәтижелер макроэкономикалық саясатты қалыптастыру, экономикалық болжамдар әзірлеу және мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыру кезінде қолданылмақ. Сарапшылардың пікірінше, әлеуетті ЖІӨ-ні тұрақты түрде есептеу экономиканың ішкі мүмкіндіктерін дәлірек бағалауға және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды тиімді жоспарлауға ықпал еткен.

"Әдістеме болашақтағы ЖІӨ-ні есептеудің халықаралық тәжірибесін ескеріп отыр. Бұл ретте жұмыспен қамтудың артуы, инвестиция мен негізгі капиталдың өсуі, сондай-ақ технологиялық прогресс (жиынтық факторлық өнімділік) сияқты факторлардың экономикалық өсуге қосатын үлесі бағамдалып, әлемдік тәжірибеде кең тараған Кобб-Дуглас өндірістік фукнциясы қолданылған", - деп жазылған хабарламада.